Форма входа

Банк сайтов

Банк Интернет-портфолио учителей

Теги

Поиск

Календарь

«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 133

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Четверг, 25.04.2024, 11:43
Приветствую Вас Гость | RSS
Виртуальный методический кабинет СШ №6 г.Костаная
Главная | Регистрация | Вход
Мұғалімнің жете білушілік үлгісі


Нормативті-құқықтық негіз    ӘБ үлгісі     ӘБ визит карточкасы    МАБ пен ҰБТ-ға дайындық

Бақылау    Қызметтің болашағы       Әдестемелік жинақ сандықша     ӘБ құжаттамасы


Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімнің  

кәсіби құзыреттілік  моделі

     Жаңа кезеңдегі мұғалімнің  кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік: «Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлганың кәсіби іс-әрекеті атқаруға теориялық және практикалық әзіреттілігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, педагогтың құзырлығы – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдану білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады.

     Кей зерттеушілер «біліктілік» ұғымын «құзыреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, «құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады. «Себебі, оған біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса, топта, әлеуметтік ортада жұмыс істеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабілеттілік, коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу және пайдалану, т.б. іскерлік жатады».

     Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын терең талдай отырып,   педагогтің құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенді сипатталуы тиіс деген ойдамыз:

  1. мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым-қатынас: бұл жағдайда 12 жылдық оқытуға көшу маңызын, теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;
  2. проблемалық-практикалық аспект: бұл – осы жағдайда педагогтің алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және орындау жолдарын сипаттайды;
  3. коммуникативті аспект: бұл – педагогтің осы үрдіске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.

     Жоғарыда айтылған анықтамалар пікірлерді талдай отырып,жаңаша білім беру жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі жансыз жаттанды білім түрінде емес, педагогтың жеке тұлға ретінде танымға, ойлайға қатысын, әрекетке белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұтымды түрде ескертулер мен түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді. Демек, еңбектің басты нысаны (пәні) бойынша педагогтік кәсіп – адамтанушылық типіне жататынын, ал кәсіби іс-әрекетінің негізгі зерттеушілік бағыт екенін терең ұғынуымыз қажет.

      Бүгінгі таңда жаңаша оқытудағы басты мақсат:

  • қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
  • өзін-өзі дамытуға;
  • өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
  • жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

     Осындай мектеп түлегін дайындау үшін,   мектептің педагогі жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті:     

     1.  «Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

     2.   Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану (ұжым, топпен) қабілеті, қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.

     3.   Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылығы және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогыкалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі».

     4. Айрықша назар аударатын мәселе – мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі. Ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу үшін династиялық оқыту, мультимедиалық, электрондық проблемаларды меңгеру қажеттігі туындап отыр. Әсіресе әрбір ұстаз, өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруға ұмтылуы тиіс. 


Copyright MyCorp © 2024