Нормативті-құқықтық негіз ӘБ визит карточкасы Мұғалімнің жете білушілік үлгісі МАБ пен ҰБТ-ға дайындық
Бақылау Қызметтің болашағы Әдестемелік жинақ сандықша ӘБ құжаттамасы
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің құрылымдық – функциональдық моделі
Білім беру мекемесіндегі әдістемелік қызмет педагогикалық ұжым мүшелеріне бағдарламаларды іске асыруға, жоспарлауға және әзірлеуге, мұғалімді шығармашылық әлеуетін дамытуына ынталандыра отырып, эксперименттер мен инновацияларды сынақтан өткізуге қатысу мүмкіндігін береді. Бұл мектепшілік басқару жүйесінің бөлігі ретінде оқу үрдісінің үнемі өзіндік дамып, жетілдірілуі үшін оқу-тәрбие жұмысын түзеп отырады. Білім беру мекемесіндегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру жүйлек сипатта және өзара байлынастарда шаммамен мынадай түрде болуы тиіс.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері
· Оқушылардың білім сапасын арттыру, пәндер бойынша үлгерімдерін бақылау және талдау.
· Педагогикалық ұжымның инновациялық және эксперименттік үрдістерге белсенді қатысуын ұйымдастыру.
· Кабинеттердегі оқу-әдістемелік материалдарын жүйелеу.
· 10-11 сынып оқушыларына сапалы бейінді білім беруді ұйымдастыру.
· Дарынды балаларды олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауларына дайындау.
· ҰБТ даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
· Мұғалемдердің біліктіліктерін арттыру курстарынан дер кезінде өтіп отыруы.
Әдістемелік қызмет міндеттерінің табысты шешілуі үшін мыналар қажет:
- нормативтік бағдарламалық-әдістемелік құжаттарын зерделеу;
- психология-педагогикалық ғылымдары жетістіктері мен ұсынымдарын пайдалану;
- оқу-тәрбие үрдісін талдау және болжамдау;
- педагогикалық ұжыммен жұмыс жүргізудегі қиындықтарды айқындау және алдын алу.